«Star Tribune» (қаз. Стар трибьюн), (АҚШ басылымы) – американың Минессота штатындағы таралымы жөнінен бірінші орында тұрған басылым. 1867 жылы жарық көре бастады. «The Star Tribune Company» компаниясының қарамағындағы газеттердің бірі. Шығарушысы – Майкл Клингсмит, Бас редакторы – Нэнси Барнес. Бүгінде басылымның жалпы таралымы 334 мың данаға жуықтады. Басылым демократиялық ұстанымда жұмыс жасайды.[1]